Әр уақытта ауыл шаруашылығын дамытудың негізі факторы - жер қоры болып табылады. «Жерге орналастыру» мамандығы осыған тікелей байланысты. Бұл мамандық бойынша колледжді бітірген студенттер теориялық білімдерін практика жүзінде көрсете білгендерінің арқасында жақсы маман болып, жұмысқа орналасып жатыр. Мысалы: 2019-2020жж. колледж түлектерінің 85-90% мамандық бойынша жұмысқа орналасты. Біздің түлектер Жер комитеттерінде, ауылшаруашылық Министірлігінде жұмыс істеп жатыр.
Осы жақсылықтарға тағы бір жаңалық: мамандықтың заманауи құрал-жабдықтармен жаңартылуы. Заманауи геодезиялық құралдары мен жабдықтары жетілдірілген функциялармен жабдықталған, сондай-ақ жылжымайтын мүлік шекараларының сипаттамалық нүктелерінің координаталарын анықтау дәлдігін арттыру мүмкіндігімен тікелей байланысты. Жерге орналастыру мамандығы осымен тоқтамай, ары қарай даму жолында тұр.
Біздің колледждің түлектері еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандық иелері болатынына сенімдімін.
«Жоғары агротехникалық колледжі,
Шағалалы а.» МКҚК
арнайы пәндер оқытушысы
Куртбаева У.Б.