«Жоғары агротехникалық колледжі, Шағалалы ауылы», «Өзін – өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педогогикасы» онкүндігінің аясында адамгершілік-рухани тәрбие беру, жалпы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында өткізілгелі отырған онкүндіктің ең алдымен нұсқаулықтар негізінде жоспары әзірленді. Сол жоспарға сәйкес 09.02 күні жалпы онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Онкүндіктің ашылуын колледжіміздің құрметті ұстазы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Турлыбекова Тәттігүл Тоқбаевна ұйымдастырды.
Махаббат пен шығармашылық педогогикасы – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл парасытан дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Ашылу салтанытында студенттеріміз біріншіден өздерінің ата-аналарына, ұстаздарына ілтипатын білдірді. Жақсы сөз жарым ырыс, мейірімділік, адалдық жас ұрпақты тәрбиелеудің негізі екенін ұмытпауымыз керек.
Онкүндік аясында колледжімізде әлі де іс-шаралар жоспарланған. Отанға, қоғамға деген мейрімділік, сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту мақсаты алға қойылды. Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу. Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа , сезімталдыққа тәрбиелеу - біздің негізгі мақсатымыз.