«Өзін – өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің шеңберінде тренинг элементтері қосылған психологиялық сағат, 12 «Дәнекерлеу ісі» тобында өтті. Іс – шараның мақсаты студенттердің мамандығы туралы білімін толықтыру, мамандығына деген қызығушылығын арттыру, бір-біріне, кәсібіне деген құрмет қалыптастыру.
Сабақ барысында болашақ дәнекерлеушілер тек мамандығы жайлы қызықты деректерді біліп қана қоймай, сонымен қатар колледжіміздің педагог – психологы Гульмира Сатыбаевнаның дайындаған тренинг ойындарын да ойнады. Бұл ойындар студенттердің логикалық ойын дамытумен қатар командаға жинақталуына, топ болып бірігуіне септігін тигізді. Студенттер кәсібінің сырын терең ашып осы кәсіптің екінші шығармашылық қырына да қызығушылықтарын танытты.
«Өзін – өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбын өзек еткен психологиялық сағат студенттің бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарытып, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулып, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырды.