Онкүндік аясында 11 «Ақпараттық жүйе» тобында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің шеңберінде «Мейірімділік –асыл қасиет» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлық жасау жетелеу.
Ашық сабақта «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы, «Бөбек» қорының негізін қалаушы, мейірім мен ізгіліктің символы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай бейнебаян көрсетілді. Отбасы мүшелері, ата-анаға, кішіге, үлкенге деген қайырылымдылық тақырыбында әңгімелесу болды. Ашық сабақ уақытында студенттер жекелеп те, топпен де жұмыс істеп, ойындар ойнады. Сабақ Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген ғибрат тілігімен қорытындалды.