Текст
Спорт - адамның денсаулығын сақтаудың ең қолжетімді тәсілі. Қоғамның нормалары мен құндылықтары жүйесінде ол үлкен рөл атқарады. Спорт денсаулықты нығайту және сақтау әдісі ретінде ғана емес, сонымен қатар маскүнемдік пен нашақорлықтың және басқа да қоғамға қарсы мінез-құлықтың алдын-алу шарасы ретінде қарастырылады, әсіресе жастар арасында. І курс студенттерінің 2020-2021 жылдың екінші семестрінде штаттық режимге ауысуына байланысты колледжде спорттық секциялар жұмысы ұйымдастырылды. Дене шынықтыру оқытушыларымен күн сайын мини-футбол, волейбол, баскетбол, футбол, күрес, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы секциялары ұйымдастырылды. Студенттер осы спорт секцияларына белсене қатысады.