Фариза – поэзия ханшайымы» атты Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған ақын өлеңдерін жатқа айту сайысы өтетінің хабарлаймыз.
Аталмыш іс шараның мақсаты:
Оқырмандарға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза
Оңғарсынованың, шығармашылығы туралы мәліметтер беру.
Дамытушылығы: Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу. Поэзияға, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқауға - 1 курс студенттері қатыса алады.
Әділ қазылар алқасы: Директордың м.а. - Оспанов А.Д.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. - Құртбаева Ұ.Б.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы – Тұрлыбекова Т.Т
Байқау :5.03.2021 – 12.03.2021 аралығында жүргізіледі
Сайыстың қорытындысы: -15 .03.2021
Ұйымдастырушы ЖАТК кітапханашысы : Гүлхан Лұқпанқызы
Байқауға қатысу шарттары:
«Фариза – поэзия ханшайымы» атты Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған ақын өлеңдерін жатқа айту сайысының шарттары:
1. Ф.Оңғарсынованың өлеңін видео нұсқада жатқа айту.
2.Видео нұсқаны көркемдеу өздеріңіздің еріктеріңізде.(әсемдеу, монтаждау)
3.Байқау жеңімпаздарың лүпілдер мен ой пікірлердің көптігіне байланысты анықтаймыз.
4 Байқауға 1 апта аралығында уақыт беріледі.
Байқау қорытындысы 15 .03.2021 анықталып инстаграмм парақшамызда жарияланатын болады.Жеңімпаздар 1 2 3 дәрежелі дипломдар мен сыйлықтарға ие болады.