Сәуірдің 2-ші жұлдызында колледжімізге Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин іс сапармен келді. Сапар барысында колледжіміздің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Ақмола өңірін «Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі технологиясы» мамандығы бойынша болашақ техник-технолог-бакалаврлар мамандарымен қамтамасыз ететін дара білім беру мекемесі
Арман Бердалин заманауй қондырғылармен жабдықталған, астықтың сапасын анықтап, көрсеткіштеріне баға беретін «Астықты сақтау және тауартану» зертханасында болды. Әңгіме барысында әр қондырғының қасиеттеріне тоқталып, атқаратын міндеттерімен танысты.
Және колледжімізге келуінің басты себебі: студенттер Мемлекетіміздің болашақ мамандары ретінде жемқорлық іс-әрекеттерге бармауын, қай жұмысты болсын адал атқаруын тапсырды.
Колледжіміз өркендей берсін!
Жоғары агротехникалық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы:
Досбатыров Бітеген Тынымбайұлы.