Текст
Бірге таза Қазақстан!»
Таза өлкенің тынысы кең. Үйреншікті үрдіске айналып келе жатқан сенбілік елді-мекеніміздің көркеюіне көп үлесін қосуда. Сәуір айының 24-ші жұлдызында колледжіміздің студенттері мен топ жетекшілері «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысты. Елді-мекеннің орталығында орналасқан демалыс саябағын аз уақыттың ішінде тазартып, келбеті келісті болуы үшін тер төкті. Жалпы колледждік сенбілік елді-мекен көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс!