АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Діни экстремизм және терроризм

22.10.2021

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Зеренді ауданы, Шағалалы ауылында орналасқан Жоғары Агротехникалық колледжінде  "Жастар арасындағы діни  экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында арнайы теолог мамандардың, колледж ұстаздары,  студенттерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға Көкше өңіріне белгілі дінтанушы, "Зерделі Ұрпақ"  ЖҚБ атынан теолог маман, облыстық "Науан хазірет" мешітінің наиб имамы Данияр Кенжеалин, Зеренді ауданы "Ішкі саясат бөлімі" атынан  бас имам, КҚтДО КММ АНБ Зеренді ауданы бойынша теологі Хабзат Баужанов қатысты.
Кездесу барысында  студенттерге алғашқы сөзді Х. Баужанов бастады. Бүгінгі іс-шараның мақсаты жайында айта келе облыстан келген теолог Д. Кенжалинді таныстырып, сөз берді.
Д. Кенжалин: Жастар арасындағы діни экстремизмнің зардаптары туралы кеңінен түсіндіріп, бүгінгі қоғамға тигізетін зардаптарына кеңінен тоқталды. Студенттерге діни көзқарас әр түрлі, ал заң баршаға бірдей дей келе дәстүрлі емес діни топтардан сақтану жолдары,  діни жат ағымдардың әрекеттері және тарту жолдары, кешенді ақпараттық түсіндіру топтарының жұмыстары туралы кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында студенттер кездесу қонақтарына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауаптарын ала отырып, өз пікірлерімен бөлісті. 

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст