Текст
11.10-14.10.2021ж. аралығында колледжде агротехникалық пәндер апталығы аясында "Жер кереметі - нан" тақырыптық апталығы басталды.
Бүгін салтанатты жиында аптаның ашылуы өтті. Агротехникалық пәндер ӘЦК төрайымы Махамбетова М.Х. студенттер мен оқытушыларды алдағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Тақырыптық апта шеңберінде кітапханашы Даулет Г.Л. ұйымдастырған "Ас атасы - нан" кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақпарат, әсіресе "Агрономия", "Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандықтарының білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін өте қажет және пайдалы болды.