22.10.2021
14 қазан күні колледжде "Ас атасы - Нан" тақырыбында күзгі жәрмеңке өтті. Колледждің барлық мамандықтары белсене қатысты. Студенттер мен оқытушылар бірлесе, білек сыбанып жұмыс істеді. Жәрмеңкеде әр елдің ұннан жасалған түрлі тағамдары ұсынылды.