2021 жылдың 11-29 қазан аралығында «Talap» КЕАҚ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» атты ТжКБ оқытушылары мен ө/о шеберлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Курс барысында теориялық оқу мен қатар мекеме базаларына барып тәжірибе мен біліктіліктер шыңдалды. Колледжіміздің Сагитова Б.С., Махамбетова Д.С., Манабаева А.К., Рат А., Боранбай Б. арнайы пәндер оқытушылары мен ө/о шебері еңбек саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіріп, ТжКБ саласына енген жаңашылдықты меңгерді.
Колледждіміздің курс тыңдаушыларының кейстерін қорғау 4 қараша күні «Talap» КЕАҚ-ның педагогикалық шеберлік орталығының аймақтар бойынша кураторы Абилова Клара Болатовнаның қатысуымен біздің колледжінің базасында өтті.
Биылдан бастап Қазақстандық колледждерге академиялық дербестік берілді. Енді біз жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін айқындайтын боламыз. Білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті біліктілікті алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда қосымша басқа біліктілікті алуға мүмкіндік береді.
Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік береді. Осыған орай курс тыңдаушылары 11 қараша күні тұрақты жұмыс істейтін семинар өткізіп педагогикалық ұжымды білім беру бағдарламасының жобасымен, колледжде академиялық дербестікті енгізу мүмкіндіктерін SWOT-талдау жұмысын, модуль/пән/ өндірістік қызмет бойынша жұмыс оқу бағдарламасының жобасы, білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау үшін қолданылатын құжаттардың жобалары, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламасының және жоспардың жобаларымен таныстырды.