Жоғары агротехникалық колледжінде тілдер апталығы аясында филология әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Кім тапқыр?» атты сабақтан тыс іс – шара өткізілді. Іс – шараға колледж оқытушылары мен 1,2 курс студенттері қатысты.
Бұл іс – шараның мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтей білу, студенттердің танымдық ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын жоғарлату, сөздік қорын, ой-өрісін арттыру.
Сұрақ- жауап, түсіндіру, пікір талас сияқты әдіс-тәсілдер қолдану арқылы студенттердің тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Сайыс алты кезеңнен құралды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өз топтарының атауы және ұрандарымен таныстырып, келесі кезеңде сөз мәйегі мақал-мәтелдер ішінде қалып қойған сөздерді тауып, орыс және ағылшын тілінде өз ойларын толық жеткізіп отырды, жаңылтпаш сайысында студенттер жаңылтпашты тез әрі мағынасын түсінікті айтып қарсылас топтың қызығушылығын арттырды, сөзжұмбақ шешіп, қызықты сұрақтарға жауап іздеді.Үздік атанған топ жүлделі орынға ие болды.