Жоғары агротехникалық колледжінде 10 ақпан күні
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы»
атты онкүндіктің ашылу салтанатына байланысты сап түзу рәсімі өткізілді.
Сап түзеу рәсімі «Бөбек» қорын құрып,жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін –өзі тану» білім беру бағдарламасын енгізген,жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға – Назарбаева Сара Алпысқызы туралы айтылып,бейне баян көрсетуден басталды.
Одан кейін жүргізушілер онкүндікке арналған іс-шараның жоспарымен таныстырды.
Онкүндіктің ашылу салтанатына байланысты оқушылар өздерінің әндерін орындады.Олардың орындауындағы «Ана» , «Ұстазым» туралы әндер тыңдармандардың жүректерін баурап алды.
Жүргізушілер өін-өзі тану пәні әрбір адамды өзінің қадірін өзі білуге,өзін сыйлауға,жетілдіруге,өз орнын табуға,рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында бағыт –бағдар беруге тәрбиелейтінін атап айтып, салтанатты сап түзу рәсімін аяқтады.