Абай – ұлттың рухани ұстазы
«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек»
А.Байтұрсынов
Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту және Ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында Ақмола облысы,, Зеренді ауданы,Шағалалы ауылына қарасты Жоғары агротехникалық колледжінде «Абай деп соққан жүректер» атты іс-шара болып өтті. Аталмыш іс шараға Зеренді ауданының аналары кеңесінің төрағасы Күләш Сәбікенқызы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Клара Ғалымқызы, Жастар Ресурстық орталығының басшысы Жазира Манарбекқызы келді. Алғаш құттықтау сөзін ақын әжеміз Күләш Сәбікенқызы жүрек жарды лебізін көрермендерге жеткізді. Мейрам барысында біздің студенттер Зәуре Өмірзақ пен Абдирасилова Аружан Абай атамыздың нақыл,өсиет етіп қалдырған бірнеше қара сөздерін жүрекке жеткізіп оқыса,ендігіде күміс-көмей әншілеріміз әлемге танылған «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» секілді әндерді Шалқарова Алтынай мен Жақсылық Ринат мамырлатып әнге салып берді.Ал,Әлиева Айша ,Базарбай Бибінұр ,Құрбанқұлов Бақдәулет, Қоңысбек Нұрсұлтан секілді қара өлең оқу шеберлері,ақынның жүрек жарды өлеңдерін жүрекке жеткізіп оқып шықты. Колледжіміздің «Жас өнерпаздар» үйірмесіне қатысушылар «Біржан сал Абай ауылында» атты шағын көріністі қойып, көрермендерді сонау 50-60жылдарды көз алдарына елестеткендей болды.
Мейрам қонақтары ән кешті тамашалап қана қоймай, мейрам барысында болған көрініс пен Абай әндерінің шырқалған әндерін тамсана тыңдағандарын айтып,шексіз алғыс білдірді.Алғыстарын марапаттау қағаздары мен ұлы ақынның 45 қара сөзі жазылған кітаптар мен «Абай жолы» роман эпопеясының 4 томдық кітабын естелік ретінде, Абай бейнесі бар статуеткаларды сыйға тартты.Сонымен қоса,атаулы мейрамды керемет етіп өткізген жетекші оқытушылар да тиесілі сыйлықтарын алды.
Жоғары агротехникалық колледжінің оқытушысы Тұрлыбекова Т.Т