АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Сүйіспеншілік – өмір негізі»

14.02.2020

 

          21 қаржы тобында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында өзін - өзі тану пәнінен ашық сабақ өтті.

       Пән мұғалімі: Тұрлыбекова Тәттігүл Тоқпаевна сабағының мақсаттарымен,міндеттерін түсіндіріп өтті. Бүгінгі сабағында оқушыларға адам бойындағы риясыз сүйіспеншілік,ғашықтық сезімі,адам жанына тыныштық орнататынын түсіндіріп, адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейтуді сабағының мақсаты мен міндеті етіп алды.Сабағының дәйек сөз ретінде «Егер біздің жүрегімізде сүйіспеншілік сезімі шуақ шашса,біз міндетті түрде оны басқаларымен бөлісеміз» деген

Сара Алпысқызы Назарбаеваның сөзін сабақтың тақырыбымен байланыстырды. Пән мұғалімі сабақтың қызықты өтуіне бар мүмкіндікті жасады.Сара Алпысқызының қоғамдық жұмысы жайында Бейнебаян көрсетілді.Мұғалімнің сыйы арқылы сүйіспеншіліктің өмірде алатын орны ерекше екенін жан-жақты түсіндірді.Ол үшін пән мұғалімі «Ана  махаббаты туралы аңызбен», «Ажал аузындағы махаббат» оқиғасын талдау арқылы жұмыс істеді.Осы жұмыстың негізінде оқушыларға тапсырмалар мен

сұрақтар беріп,олар өз жауаптарымен,ойларын ортаға салды.Оқушылар осы сабақта сүйіспеншіліктің ана мен баланың арасында,ғашықтар арасында болатынына көз жеткізді.Одан кейін оқушыларды жыл мезгілдері бойынша,

төрт топқа бөліп,шығармашылық жұмыс өткізді.Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындады.(Эссе,өлең шығару,сурет салу,дәйек сөз құрау)

Сабақта топпен ән айтылды.Сабақтан алған әсерлерін сұрау арқылы

қорытындылап аяқтады.

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст