Жоғары агротехникалық колледжінде 21. 02. 2020 ж. тарих пәнінің оқытушысы Жақанов Б Ө, және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Бегалин Н Е. ұйымдастыруымен «Ауғаныстан жүректегі жара» атты дөнгелек үстел өтті. Мақсаты; Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ошып, оқушыларға түсіндіру. Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу, оқушыларды ұлт жандыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Іс- шараға Ауған соғысының ардагерлері Дүйсенов М. К. Мукушев С. К. Левкин А. А. және бірінші – үшінші курс студентері қатысты.Кездесуді тарих пәнінің оқытушысы Жақанов Б. Ө. ашты.
1979-1989 жж аралығындагы соғыс талай аналарды перезентерінен айырып, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасретті де қайғылы « Ауған соғысы» аяқталды . Жылдар өткенмен жауынгерлердің өшпес ерлігі ел есінде. Еліміздің соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрметтұтамыз. Кездесуде ауған соғысының ардагерлері оқушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, оларға көптеген мәліметтер берді. Студентер ауған соғысының ардагерлеріне арнап өлең оқып,ән айты, соғыс жөнінде видеоматериалдар көрсетілді.
Кездесуден оқушылар үлкен әсер алып, ауған соғысының ардагерлеріне естелік сыйлықтар тапсырды. Іс-шара сңында АӘД пәнінің оқытушысы Бегалин Н. Е. Зеренді ауданы бойынша әскери қорғаныс бөлімінде тіркелген студентерге «Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін» табыс етті, итернационалист-жауыпгерлерді мерекелерімен құттықтап, елдің рухын көтеріп, жылдан жылға, аман есен жүре беріңіздер деп тілек білдірді.