Қан кешкен он жыл,
Ерлікпен өткен тозақтан.
Баласы елдің құтқарар әркез азаптан,
Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,
Жасасын бірлік, атпасын енді азап таң.
Бүгін яғни 15 ақпан 2018 жылы колледжінің студенттері мен оқытушылары ауған соғысында қаза тапқан
жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас идік. Себебі, осы соғыс тарихы сарбаздардың қанымен және аналардың жасымен жазылған. Олар жетім қалған сәбилердің жадында мәңгі қалады. Отпен жамылған ұрпақ ешкімге жарияланбаған және ұмыт болуы да мүмкін емес еді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ауған соғысы туралы былай деген болатын: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?».
Кешімізге қонақ ретінде Дюсенов Болат Қажымұхаметұлы, Мукушов Сандыбай және Бекбаев Ишабай Есмахамбетұлы ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Олардың назарына толық қанды ауған рухымен безендірілген сахна төрінде колледжіміздің студенттері сол ызғарлы уақыттың әні мен жырларын ұсынды. Әндер бейнебаяндармен сүйемелденді. Студенттеріміз тарихты терең тану мақсатында
соғыс құрбандары туралы мәліметтер де айтыла кетті. Жүрек толғанарлық кешіміз қонақтарымыздың көңілінен шығып, сөз берілген уақытта олар іш сырларын ақтарып, студенттерімзге өнегелі сөздер
жолдады.
Ауған соғысының ардагерлерін ұмытпай мәңгілік есте сақтау біздің борышымыз. Тарих бетінде олардың аты мәңгі сақталуда. Жас сарбаздардың кешкен күні бізге сабақ, Отан алдында борышты адал орындалудың
үлгісі.