АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Филология пәндерінің апталығында Қазақстан Республикасының тілдер күні аясында өткізілген сабақтан тыс іс шараның жұмыс жоспары

09.02.2018

Мақсаты:

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу.Халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдары, қазақтың ақын –өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Ғасырлар тоғысында ғасыр ақындарының ақындық таланттарын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы бір жеңімпаз бен үш жүлдегерді анықтайды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

 

«Көркем сөз оқу шеберінің» сайысының сценарийі

Ән

Жүргізуші: 
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар оқытушылар! Өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! 
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Көркем сөз оқу шеберінің» сайысына қош келдіңіздер! 

 

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!

Ал енді, «Көркем сөз оқу шеберінің» сайысына қатысушылармен таныс болыңыздар.

1. 21 қаржы тобының студенті Төлеп Ақтолқын

2. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Өтеген Аяулым

3. 23 жерге орналастыру тобының студенті  Жарқынбекова Гүлдана

4. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Жаңалықова Мөлдір

5. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Нұралы Табиғат

6. 21 кәсіптік оқыту тобының студенті Рахманов Аймұрат

7. 21 ақпараттық жүйе тобының студенті Сатыбалды Жансая

 Және де бұл сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Ибраев С.К.

2.Зеренді ауданы тілдерді оқыту орталығының директоры Орлова Д.В.

3. Зеренді ауданы тілдерді оқыту орталығының әдіскері Балтағарина К.Қ

 

Қатысушыларды дайындыққа шығарып салайық.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшше тілім, мен де

бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

1-кезең қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу шеберлігіне

қатысушыларды ретімен  ортаға шақырамыз.

1.21 қаржы тобының студенті Төлеп Ақтолқын. 

Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі»

2. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Өтеген Аяулым. Мұқағали Мақатаев «Ғашықпын»

3. 23жерге орналастыру тобының студенті  Жарқынбекова Гүлдана Мұқағали Мақатаев                                             

4. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Жаңалықова Мөлдір. Мұқағали Мақатаев «Сәби ана»

5. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Нұралы Табиғат. Абай Құнанбайұлы. «Өлең сөз патшасы, сөз сарасы»

6. 21 ақпараттық жүйе тобының студенті Сатыбалды Жансая. Абай Құнанбайұлы «Өлсем орным қара жер сыз

болмай ма?»

7. 21 кәсіптік оқыту тобының студенті Рахманов Аймұрат.   Мұқағали Мақатаев «Ғашықпын»

Жүргізуші: Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

2-кезең бұл, қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу.

Қатысушыларды ретімен  ортаға шақырамыз.

1.21 қаржы тобының студенті Төлеп Ақтолқын. Фариза Оңғарсынова «Жетімнің монологі»

2. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Өтеген Аяулым. Алмажан Азаматқызы «Жетім қыздың монологі»

3. 23 жерге орналастыру тобының студенті  Жарқынбекова Гүлдана. Мұхтар Шаханов «Шың басындағы оқиға»

4. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Жаңалықова Мөлдір. Фариза Оңғарсынова «Жетімнің монологі»

5. 23 ақпараттық жүйе тобының студенті Нұралы Табиғат. Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

6. 21 кәсіптік оқыту тобының студенті Рахманов Аймұрат. Бақдәулет Арыстан «Бөлек жандар»

7. 21 ақпараттық жүйе тобының студенті Сатыбалды Жансая. Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Жүргізуші: Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің, елдің

елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Осымен, бүгінгі «Көркем сөз оқу шебері» атты сайыс өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасына қорытынды жасауына уақыт берейік.

Ән

Әділ қазылар алқасына сөз берейік.

Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс.

Құрметті қонақтар, оқытушылар және студенттер! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-

көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

 

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст