Текст
«Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша №2 жатаханада спорт- «Денсаулык кепілі» атты іс-шара болып өтті. Кештің ұйымдастырушылары тәрбиешіміз-Нургожина Галия Копеевна және колледжіміздің белсенді студенті- Рахманов Аймұрат. Кешіміздің мақсаты Қазақтың Ұлттық ойындарын нақыштау. Мысалы: Аударыспақ, қол күрес, сиқырлы таяқша, ат жүзігім ат, гір тасын көтеру. Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі. Қол күрес: 1-орын Көшер Қанат (23АЖ). Гір көтеру: 1-орын Сатыбалды Абылайхан(21КО), Аударыспақ жеңімпазы: Ғалымбекұлы Ұлықбек(21АЖ), Оралбай Бірлік(11АЗР). Кешіміз көтерінкі көңілде өтті.