Агробизнес колледжінің 50 жылдық мерейтойына орай білім ордамызда «Әлеуметтік серіктестік -кәсіби білім дамуының инновациялық механизмі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту және студенттердің дуалдық білім алу
сапасын арттыру.
Колледж конференцияға қатысқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жақын облыстардағы
колледждерінің директорларын, оқытушыларын және де әлеуметтік серіктестерді құшақ жая қарсы алды.
Конференция қонақтарына білім мекемеміздің жетістіктері мен тарихын паш ететін көрме мен экскурсия әзірленді. Экскурсия тек колледж қабырғаларында ғана емес сонымен қатар колледжіміздің жақын әлеуметтік серіктесі НемАО мекемесінде де болды. Көрмеде құнарлы еңбек ететін әлеуметтік серіктестеріміз, республикалық үздік ұстаз сайысының жүлдегері Нарбаева Райхан Темірбековнаның жетістіктері, фертигация әдісі арқылы тамшылап
сурылатын жылыжай макеті, колледждің білім беру жүйесінің әдістемелік кешендері, оқытушыларымыздың әр түрлі республикалық, облыстық, халықаралық сайыстарға қатысып иеленген сертификат, диплом, кәдесыйлары, аспаздарымыздың эстетикалық тұрғыда безендіріп пісірген тағам туындылары ұсынылды.
Конференция екі тілді қамтыды және оқылып, ұсынылған баяндама материалдары рецензиядан өтіп жинаққа басылып шығады.
Пленарлық отырыстан басталған конференцияның модераторы Агробизнес колледжінің директоры Карабаев Қайыргелді Теміржанұлы болды, алғы сөзін Ақмола облысының білім басқармасының басшысы, техника ғылымының докторы, профессор, ҒЗА академигі Жунусов Талғат Тұрлыбекұлы және Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы алды. Отырыста баяндама оқығандардың ойы бір жерден шықты, яғни жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, сапалы білім беру, әлеуметтік серіктестердің көмегімен терең тәжірибе өтуін қамтамасыз ету мақсаттарын жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін әлеуметтік серіктестер және түлектерді даярлайтын колледж арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор екендігін атап өтті.
Пленарлық отырыс бағдарламасы Ресейден келген әріптестерімізбен оқу мекемелерінің серіктестік туралы меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды. Атап өтсек келісімге қол қойған тараптар:
1. Агробизнес колледжі және Каменск-Уральск агроөндіріс техникумы.
2. Агробизнес колледжі және Шадринск политехникалық колледжі.
3. Агробизнес колледжі және Омбы педагогикалық колледжі.
Қонақтарымызға қызықты да пайдалы өткен конференцияның бірінші бөлімінен кейін екінші бөлімде панелді сессиялар болды. №1 панелді сессияның тақырыбы:
«Экономикалық модернизация аясында ТжКО қызметінің мазмұны және өзара әрекеттесу формасын жаңарту». Модераторы ретінде Ақмола облысының білім басқармасының ТжКО бөлімінің басшысы Садвакасов Бекжан Серікұлы сөз сөйледі. Сессияға қатысып баяндама оқыған Қазақстан кәсіпорындар өкілдері мен Омбы педогогикалық колледж директорының ҒӘЖ Микоенко Еленаның және Ресей техника ғылымдарының
кандидаты Некрасов Сергейдің арасында қызықты диалог құралды. Екі ел екі түрлі заңдар болғанымен де әлеуметтік серіктестік Ресейде де өзекті мәселе болып табылады екен.баяндама оқыған Микоенка Елена толығымен серіктестіктің маңызын ашып көрсетті, өздерінің колледждерінде жыл сайын түлектерді жұмыспен қамту
мәселесін шешу үшін мамандықтар аукционын өткізіп, заманауи маман даярлау үшін серіктестердің талаптарына сай білім беру жүйесін де өзгертіп отырытынын айта кетті.
Кәсіпкерлер палатасының өкілі Айжан Айткуловна кәсіби білім беру мекемелеріне жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттау үшін өз кеңесі ретінде колледждерге әлеуметтік серіктестердің және колледждер мен мектеп оқушылырының арасындағы танысу, экскурсия сияқты жұмыстарын белсендірек өткізуді айтты.
Кәсіпкерлер мен сессияға қатысушылар арасында серіктестердің кәсіпорында студенттердің тәжірибе өту талаптары жайлы қызу пікірталас болды. «Барлық елдерде әлемдік кризис уақытында патриоттықты, отан сүйгіштікті көрсететін кез, сондықтан да тәжірибе өтуге келген студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатымен көп болмаса да сыйақы беруге болатынын» - кәсіпкерлер өкілі ЖШ жетекшісі Кусаин Гульмираның сөзін
сессия қатысушылары қолдады. Түлектерді толықтай жұмыспен қамту және колледжбен кәсіпорындардың серіктестігін дамыту үшін жеке кәсіпкерлерді қалай қызықтырамыз деген сұраққа жауап ретінде студентті кәсіпорындарда оқытып, жұмысқа алып жатқан серіктестерге мемлекет қандай да бір жеңілдік көрсетсе деген де ұсыныс жасалды.
Панелдік сессияны Некрасов Сергей мен Абилмажин Женіс Тулешұлы қорытындылады. Некрасов Сергей дуалдық білім беру мен кәсіпорындарға студенттерді жолдау Совет одағынан жақсы ұмытылған дүние дегендерге, ескі мен
қазіргі заманды салыстыруға келмейтіндігін, қазір барлығы жеке меншік болғанын ескеруді сұрады.
Агробизнес колледжі мен «Бурабай жер» ЖШС, «Кадраллин О.Д.» ЖК және «Аубакиров С.Т.» ЖК әлеуметтік серіктестік келісімшарттарына қол қою рәсімінен соң, сессия соңында сертификаттар ұсынылды.
Жоғарыда атап кеткен панелдік сессиямен қатар «Дуалдық білім беру: тәжірибесі, негізгі мәселелері, перспективалары» тақырыппен екінші сессия да болды. Бұл отырыста колледжіміздің үздік ұстазы Нарбаева Райхан Темірбековна және де Щучинск, Степногорск, Красный Яр, Кокшетау қаласынан келеген білім беру мекемелерінің өкілдері өз баяндамаларымен оқып таныстырды.
Дуалдық білім беруді жетілдіру арқылы біз бәсекеге қабілетті, сапалы кадрлар дайындауға қол жеткіземіз. Осы сатыларды меңгеру мемлекеттің, заманның қойған талабы.
2017жылдың 6 -шы желтоқсанында болған конференция өз деңгейіне сай өтті. Әлеуметтік серіктестер мен колледж арасындағы коммуникацияны жетілдіру, ғылымның, білімнің, өндірістің бірілігі білімді, зерек, жан-жақты бәсекеге
қабілетті мамандарды дайындаудың қайнар көзі.
Қонақтарымыз қазақтың салт-дәстүрлеріне шын көңілден ризашылығын білдірді.