АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Тіл-асыл қазына

24.10.2017

Колледжінде тілдер апталығы өтті. Апталық бағдарламасы кең ауқымды және әр түрлі формада өткізілді. Ашық сабақтар, сынып сағаттары, линейка, сабақтан тыс іс шаралар, облыстық, аудандық іс шараларға

қатысты т.б.

Колледжіміздің 50 жылдық мерейтойына орай «Кәсіби білім берген алтын ұям » атты сабақтан тыс іс шараны Абишева К.С. және Капарова М.К. өткізді. Көрермен ретіндегі бірінші курс студенттеріне түлектер

коллледжде оқыған кездері мен мамандықтарының маңыздылығы туралы айтса,  ал жоғарғы курс студенттері өндірістік тәжірибедегі қызықтарымен бөлісті.  Апталық аясында « Our college» шығармалар  конкурсын ағылшын тілі оқытушысы Сейлхан А.А. өткізді.

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Тұрлыбекова Т.Т. «Көркем сөз оқу шебері» атты сайысты мазмұнды өткізді.  Бұл сабақтан тыс іс шараға аудандық тілдерді қолдау басқармасынан келіп, әділ қазылық қызмет жасады. Сайысқа қатысқан оқушылар ақын жазушылардың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп, тебіреніп оқып көрермендерге керемет поэзия кешін сыйлады.

Қазақтілі оқытушысы Орақпаева Ғ.Т. 11 ФХ тобында өткізген  «Тіл – халық қазынасы» атты ашық сабағының мақсаты-оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін сүюге, 

қазақ халқының  дәстүрлерін   құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сабақта мақал-мәтелдерді жалғастыру, тіл мен әдебиет бойынша қойылған сұрақтарға жылдам, ұтымды жауап беру, сөзден бірнеше сөз қатарын жасау, үй тапсырмасы

ретінде көркем шығарманы жатқа мәнерлеп оқу берілді. Студенттер берілген тапсырмаларға толық, мазмұнды жауап берді.

Орыс тілі пәнінің оқытушысы Кожахметова К.К. «Фразеологизмы» тақырыбында өткізген сабағы қызық өтті. Әсіресе орыс тілінің фразеологизмдарының қазақша баламасын табуда студенттер біраз қызық сәттер

сыйлады. Сабақта  студенттердің танымдық көзқарастарын толықтырып, әдемі, мазмұнды сөйлеу маңыздылығы- негізгі идея болды.

Тілдер апталығы салтанатты жиналыспен аяқталды. Бұл іс шараны  қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ибраев С.К.  өткізді. Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қастерлеу, тілге деген

сүйіспеншіліктерін, ұлтаралық татулықты арттыру мақсатында өткізген іс шара қызықты өтті. Екі тілде «Елім менің» әнін орындаған Бекк В. көрермендерді тебірендіріп тастады.

Жыл сайын қыркүйекте филологиялық пәндік әдістемелік бірлестік ұйымдастыратын апталық биыл да сәтті әрі қызықты өтті. Апталық  барысында  көмек, қолдау көрсеткен ұстаздар мен студенттерге алғысымызды айта келе, тілімізге деген  сүйіспеншілік артып, мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп, мәртебесі мен маңызы арта түсін демекпіз.

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст