Текст
Бүгін колледжімізде студенттік кəсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен "Темекі-денсаулық дұшпаны" атты
акция өтті. Акцияға барлық студенттер мен мұғалімдер белсене қатысты. Қатысып өз үлесін қосқан кісілерге алғысымызды білдіреміз. Денсаулық - зор байлық екендігін, темекінің денсаулыққа өте зияндығын айтып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.