АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Серпін - 2050» бағдарламасы қарқынды жұмыс істеуде.

12.10.2017

Қазақстан Республикасының Үкіметі жастарды жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жеңу мақсатында «Cерпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады.

Біздің «Агробизнес» колледжіміз осы жобамен бірнеше жыл қатарынан жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда: «Агробизнес» колледж Қызылорда және Маңғыстау облысынын «Агрономия», «Элеваторлық, ұн тарту, құрама жем өндірісі», «Жерге орналастыру» мамандығына  2015 жылы -75оқушы қабылдады, «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) », «Ақпараттық жүйе»  мамандықтары бойынша 2016жылы – 50 оқушы. 2017 жылы «Ақпараттық жүйе», «Жерге орналастыру», «Кәсіптік оқыту», «Қаржы » мамандықтары бойынша жаңа құрам студенттерінің саны 115 студент, олардың ішінде 2- ші курсқа Қызылорда облысынан – 85студент, Маңғыстау облысынан -4 студент, ОҚО – 23 студент, Жамбыл облысынан -2, Алматы облысынан -1 студент қабылдады.

«Серпін» бағдарламаның басшысы болып келетін Тобатаева Күлзия Кадыровна, қазанның 11-ші жұлдызында колледжімізде осы бағдарламамен оқитын студенттермен кездесті. Кездесу барысында Гүлзия Кадыровна бұл бағдарламаның қыр сырын студенттерге жете түсіндіріп, екі жақты сұрақ-жауап туындап, студенттермен қызу талқыланды. Өздерінің сұрақтарына студенттеріміз толыққанды жауап алды. Студенттерге

айтылған  жаңалықтар да болды. Ендігі жолда студенттеріміз өздерінің талаптарына, ынталарына сай жоғарғы оқу

орындарына да «Серпін» грант иегері болып қабылдана алады, тіпті магистрант аталып, шет елдерде оқуға да мүмкіндіктері бар. Гүлзия Кадыровнаның айтқанына сүйенсек талпынған, талаптанған, оқыған бала осы бағдарлама жұмыс атқаратын тоғыз облыста жетістікке жете алады.

Адам саны көп, тығыз орналасқан оңтүстік өңірден келген жаңа құрам студенттерімізге көп ақыл, өнеге

берілді. Серпін әлеуметтік бағдарламаның  мақсаты мен міндеті студентке түсінікті қарапайым сөзбен жеткізілді.

Солтүстік өңірде оқып, жұмысқа қалудың көптеген мысалдармен дәлелденген жолдары аталды.

Күлзия Кадыровна колледжді көп жылдық тарихы бар білім ордасының қатарына қосып, толықтай ұжымға сенім

артатынын бөліп жарды. Қызықты кездесуден кейін жатақхана тұратын студенттердің өмірімен танысты. Студенттердің жағдайымен, орналасуын толықтай көргеннен кейін, Гүлзия Кадыровна №1жатақханада өтіп жатқан «Алтын күз» мерекелік іс-шараны да тамашалай өтті. «Серпін» бағдарламасының басшысы колледжіміздің әкімшілігімен туындаған өзекті мәселелерді талқылау мақсатымен кездесті.     

Кездесу өз дәрежесінде өтті, студенттер ақпаратты молыннан алып, көкейкесті сұрақтарын талқылады. Келген қадірлі қонақтарымыз шынайы ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст