Текст
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Осыған орай 22.09.2017 ж. колледжінде денсаулық күні фестивалі өтті. Бұл іс-шараға барлық студенттері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шара зарядкамен флешмобтан басталды. Одан кейін дене шынықтыру басшысы Юсинбаев Қайрат Кенжахимұлы барлық жиналған қауымды аталмыш мерекемен құттықтады. Осымен қатар жүгіруден студенттер арасында және оқытушылар арасында жарыс өткізілді. Қатысушылар қызу жарыс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.