АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Колледжімізде- тіл мерекесі

04.10.2017

Жылымыздағы 22 қыркүйек күні дәстүрлі мереке ретінде, Шағалалы Аграрлық бизнес колледжі

ерекше шабытпен атап өтті. Біздің оқу орнымызда бірнеше ұлттың өкілдері оқиды. Осы орайда басты мақсатымыз оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында

еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленгенін, осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасалғандығы жөніндегі міндеттерін белгіленгендігін, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететіндігі  баса айтылды.Салтанатты жиынды оқушылар үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша жүргізді. Осы  мерекеге арнаған оқушылардың өз шығармалары әр тілде орындалды. Отанға, туған жерге, тілге арналып әндер шырқалып,тыңдаушыларын еріксіз сезімге бөлегені анық байқалды. Ұстаздар тарапынан тілдің маңыздылығына, шынайы достыққа, жастар арасында өз ара құрметтеуге, татулыққа, ынтымаққа баса көңіл бөлінді. Әлем тарихында тілдің рөлі,қасиеттілігі, тіл ұлт тағдыры екендігі түсіндірілді.Жиынымыздың соңында оқушылардың тіл мерекесіне арналған  қабырға газеттері ұсынылды.Тіл мерекесін ұйымдастырушылар тарапынан, қатысушыларға, алдағы оқу жылында жақсы табысқа жетулеріне тілек білдіріп, тарқасты.



Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст