АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Мамандықты тану

13.09.2017

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жаңа бағытын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім

жүйесін барынша дамытуға көңіл бөлуіміз керек. Осы бағытта Зеренді ауданы, Шағалалы ауылындағы кәсіптік білім беретін «Агробизнес колледжі» 2017-2018 оқу жылына 265 талапкер қабылдады. Оның ішінде бөліп жарып атасақ «Серпін» бағдарламасымен 115 талапкер және әлеуметтік даму бағдарламасымен 50 студент.

Колледж табалдырығын жаңа аттаған студенттерімізге таңдаған мамандықтарының қыр-сырын ашу үшін,

ұстаздарымыз оқу-тәрбиелік білім беру жоспарында бекітілген топ сағатын өткізді. Осы топ сағатының ерекшелігі арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері топ сағатына шақыртылды. Олардың қатысуының негізгі мақсаты студенттер таңдаған мамандықтардың, ақпараттық жүйелер, қаржы, жерге

орналастыру, агрономия, кәсіптік оқыту (салалар бойынша), элеватор, фермерлік

қожалық, дәнекерлеу ісі, қоғамдық тамақтандыру мамандықтарына сипаттама беріп, сырын аша түсу. Сондықтан

оқытушылар студенттерімізді кәсібіне тікелей қатысы бар зертханалар мен болашақ тәжірибе өтетін асхана, жылыжай, шеберханалардың есігін ашып, таныстырды. Бұл студенттеріміздің қызығушылығын арттырып, студенттер мен оқытушылар арасында қызықты пікірлас туындады. Шеберлер студенттер тарабынан туындаған сұрақтарға жауап бере отырды. Топ сағатынан студенттеріміз мамандығымыз жайлы біраз деректер жинады деген ойдамыз.

Мамандықтары жайлы студенттерге ашық сөйлегеніміз олардың өз мамандығына саналы түрде келуіне септігін тигізеді.

Оқытушыларымыз Елбасымыздың саясатының негізгі бағытын орындай отырып,  қоғамның және экономиканың индустриялық -инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуда,

әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу,  мамандықтардың беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

аясында жұмыс атқарып жатыр. Және осы қағидалар толықтай сақталып, орындалса студенттеріміз болашақта кәсіби білікті маман болатынына сенімдіміз.

Просмотров: 393


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст