Дәнекерлеп пісіру мамандығының пайдалы жақтары өте көп. Ол көліктердің, құрлымдардың бөлшектерін ажырамайтындай етіп қосатын сенімді әрі үнемді тәсілі болып табылады. Дәнекерлеу нарықтық экономикада көп роль атқарады.Одан жасалатын тауарлар ,үй шаруашылығында, құрылыста көптеген орындарда қолданады. Енді осы мамандық бойынша тоқталып өтейін.
Шағалалаы селосында Агробизнес колледжінде әртүрлі мамандықтарды оқытып дайындайды.Соның ішінде
«Газоэлектрдәнекерлеуші» мамандығын оқытады. Дәнекерлеу мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы болып Конкаева Ләйлім Ақылбекқызы жұмыс істейді.Өндірістік оқытудың шебері болып Панамарев Валерий Николаевич жұмыс істейді.Екеуіде білікті маман. Өздерінің жұмысын жақсы біледі. Ләйлім Ақылбекқызы теория жағынан білім
беріп,өте жақсы қырынан көрініп,шығармашылық танытты. Ал Валерий Николаевич практикалық сабақтарын өткізіп, жақсы жетістіктерді көрсетті.
Спецтехнология кабинетінің аясында «Сварщик» үйірмесі жұмыс істейді.Үйірмеге қызығушылықтары артып,шәкірттеріміз әртүрлі тапсырмаларды орындауда өз белсенділіктерін көрсетті.
Екі ұстазда әр студенттерін жете зерттеп,олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады.Қабілеті жоғары студенттерге аса көңіл бөледі. Атап айтсақ: 2014 жылдың ақпан айында 31 «Г» тобының студенті Тасбулатов Нұркен оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырған «Моя будущая профессия» І Республикалық конкурсында «Первые шаги в профессии» номинациясында І орынға иеленді. 2015 жылдың ақпан айында 22 СД тобының студенті Нығмат Асхат «Wоrld skills Kazakstan» Аймақтық чемпионатында белсене қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
2016 жылы 22СД тобының студенті Колчин Юра «Дәнекерлеп пісіруші» номинациясы бойынша «World skills Kazakstan» байқауына қатысып,жүлделі орынға ие болды.
Қорыта айтқанда: бұл мамандық өте қажет.Барлық салаларда дәнекерлеп пісіру әдісін қолданады.Үй тұрмысына қажетті заттарға да ауыл тұрғындары тапсырыс беріп отырады. Ал оларды арнайы шеберханада дайындап,халықтың
көңілінен ойдағыдай шығып отырады.Бұл мамандық бойынша қаншама талапкерлеріміз оқуға түсіп,шәкірт атанып,оқуды жақсыға аяқтап,өз орнын тауып,еңбек етуде.