«Елдің болашағы – білімді жастарда»
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру жұмыстары мыналарды қамтиды: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік
құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады.
Біздің колледжде көптеген мамандықтардың арасында «Жерге орналастыру» мамандығы ерекше орын алады. Студенттер теориялық білімдерін оқу практикасында жүзеге асырады. Олар шекараны белгілеу, биіктікті өлшеу, жерді тегістеу тәрізді жұмыстарды атқаруға үйренеді.
Колледжде әр жыл сайын жерге орналастыру мамандығы бойынша «Үздік жерге орналастырушы» сайысы өткізіледі. Сайыстың басты мақсаты студенттердің білімдерін практика жүзінде көрсете білулерін тексеру және үздіктер облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін ғылыми жобаларға қатысады. Мысалы: Абдул-Ади Ұлжан «Ғылым шарайнасы» атты ІІІ Республикалық ең үздік ғылыми жұмыстар сайысында І орынға ие болды, ғылыми жетекшісі Куртбаева У.Б.
Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Технологиялық және кәсіби практикаларын студенттеріміз еліміздің көптеген аймақтарында өтеді. Практика өткен жерлерінен жақсы пікірлерге ие болып, колледж әкімшілігіне, арнайы пәндер оқытушыларына алғыс хаттар әкеліп, өздері сертификаттармен марапатталады.
Колледжді бітіріп, мамандық бойынша жұмыс атқарып жүрген түлектеріміз көп. Солардың арасында:
- Куртбаева Аян Бейсенбаевна – Ауыл шаруашылық министрлігі, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті, бас сарапшы;
- Сеитова Алия Сейпеновна - Ауыл шаруашылық министрлігі, жер ресурстарынбасқару жөніндегі комитеті,
бас сарапшы;
- Алпысбаева Марал Агибаевна – Зеренді аудандық «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы;
- Исаев Абылай - Шортанды аудандық «Жер қатынастары бөлімі» ММ, бас маман;
- Қабылхан Абылайхан - Шортанды аудандық «Жер қатынастары бөлімі» ММ, бас маман.
Осындай мақтанарлық түлектеріміз көбейе берсін...