АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ
«ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ата - аналарға психологиялық кеңес
31.03.2021
Ата - аналарға психологиялық кеңес
- Балаларыңызды жетістігі мен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
- Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
- Балаңыздың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
- Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
- Баланың әр бір жетістігін мақтап отырыңыз.
- Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
- Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
- Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
- Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
- Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
- Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
- Балаңыздың жеке бөлмесі болуына жағдай жасаңыз.
- Балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз, ересек өмірге дайындаңыз.
- Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
- Күрделі мәселелер туындағанда және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
Дайындаған:
педагог- психолог Жалғасбаева И.Ө.
Жаңартылған күні: 31.03.2021 09:37
Құрылған күні: 31.03.2021 09:37