Текст
2022 жылдың 22-ші ақпанында «Жоғары агротехникалық колледж» қабырғасында «Табиғат тіршілік көзі» тақырыбында облыстық экология олимпиадасы өз бастауын алды. Олимпиада «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы» жоспарының шеңберінде мектеп оқушыларының қатысуымен 23-24 ақпан аралығында өткізіледі.
Келген қонақтарға колледждің заманауи технологиялармен жабдықталған кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылды, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарын насихаттау үшін «Қызықты мамандық әлеміне» атты іс-шара өткізілді. Колледж оқытушылары мен студенттері олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейді.