Жоғары агротехникалық колледжінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру технологияларын тиімді оқыту» тақырыбына арналған курс өткізді. Курсқа біздің коллежден он үш адам қатысты. Бұл курста жетекшіміз бірге жаңартылған бағдарламаға сәйкес, сабақ жүргізудің жаңа әдіс – тәсілдерін үйретті. Алты қалпақ Де Боно әдісі, Рамашка Блума, Конверт және сұрақ әдістерін сабақта қалай қолдануц керек екенін өте жоғары деңгейде көрсетті. Сын тұрғысынан ойлау технологияларын әртүрлі жолдарын, элементтерін, тиімді жақтарын, сабақта пайдаланудың тәсілдерін нақты мысалдармен түсіндірді. Біздің коллеждің оқытушылары: Қожахметова.К.К, Утешова.Д.М, Махамбетова.М.Х, өз пәндері бойынша ашық семинар сабақ өткізіп, мастер класс көрсетті. Бұл курстан пән мұғалімдері өздеріне қажетті, пайдалы ақпаратты алды. Сабаққа қажетті жаңартылған бағдарламаның тиімді тәсілдерін үйрену арқылы білімдерін жетілдірді.
Қазақ тілі әдебиет пәнінің оқытушысы: Орақпаева.Г.Т