Жоғары агротехникалық колледжінде «WorldSkills Kazakhstan» өңіраралық чемпионаты өтуде. WorldSkills Kazakhstan секілді шаралар жастар арасында танымалдыққа ие,мұндай байқаулар кәсіп үйренуге ынталандырады. Техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттыру – министрліктің алға қойып отырған басты мақсаттардың бірі.
WorldSkills —жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті насихаттауды мақсат етеді. Чемпионаттың даңқы алысқа кеткені сонша, бүгінде оған әлемнің сексеннен астам елі қатысады. Ал тарихы 1946 жылдан бастау алады.
Шағалалы өңірінде өтіп жатқан өңіраралық чемпионатқа Көкшетау, Щучинск, Степногорск, Атбасар қалалырының колледжлерінен 10 студент қатысуда. Үш күн бойына жалғасатын білім жарысында қатысушылар электрожөндеу ісі мен техник-технолог мамандықтары бойынша бақтарын сынамақ. Чемпионаттың өңірлік кезеңінің 2-ші күні әр құзыреттілік бойынша өтетін білім жарысында студенттер жұмыс орнын дайындап, материалдарын, құрал-жабдықтарын, арнайы киімдерін тексеріп, техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау нұсқауымен танысты. Жұмысшы кәсібінің мәртебесі мен техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттыруға бағытталған Чемпионат қатысушыларының жұмыстарын арнайы жасалған сарапшылар қауымдастығының сарапшылары мен бас сарапшылары бағалайды.