Қазақ әдебиетінің тарихында көрнекті орынға ие болған ақын-жазушының бірі – Әбділда Тәжібаев. Ә. Тәжібаев - ақын, драматург, сыншы, әдебиеттанушы, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, толағай ақын, толастамас жыр иесі, сыр елінің ардақты ұлы. Ақынның Қызылордаға, туған жеріне арнап жазған өлеңдерінің бәрі де шуақты сезімнің, нәзік жүректің мөлдір әуендер секілді, қуаныштан жаралатын көздің мөлдір жасы секілді.
Биыл – Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтің туғанына 110 жыл. Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылған «Ұлы даланың ұлы есімдерін» дәріптеуге байланысты еліміздің әр аймағында Әбділдә Тәжібаевтің 110 жылдығына арналып түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі ақпан айында Жоғары агротехникалық колледжінде ақынның мерейтойына арналып «Өнерімен өрнектелген өмір» атты әдеби кеш аталып өтті.
Әдеби кеште ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм мен слайд көрсетілді. Ақынның жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнегі, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне – Сыр бойына арналған өлеңі. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа әсем әндей шыққан анық көркем жыр. Студенттер поэзия сүйер қауымға «Сырдария», «Мұң туралы», «Ақындық», «Халық» т.б өлеңдерін жатқа оқып, көрермендер «Қыз бен солдат» пьесасынан шағын қойылымды тамашалады
Колледж оқытушысы Тынымбай Сәденұлы өзінің жерлесі Әбділді Тәжібаев жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
«Жұлдыз шашқан жырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқырмандар назарына ұсынылды.
Колледж оқытушысы: Тұрлыбекова Т.Т.