Текст
Сәуір айының16 жұлдызында Жоғары агротехникалық колледжінде, 21 АЗР тобы студенттері мен топ кураторы Жаканов Б.У., арнайы пәндер оқытушысы Мамашев Ж.С. ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша, «Ақмола – Көкшетау өңірлерінің қасиетті жерлері» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Болашаққа деген сенімін, ой-өрісін дамыту. Елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақ барысында Ақмола обылысы мен өзіміздің Зеренді ауданындағы тарихи ескеткіштер мен қасиетті жерлеріне шолу жасалып, қазіргі таңдағы бұл ескерткіштердің маңыздылығы аталып өтілді.