Текст
Жыл сайын қыркүйек айындаҚазақстан халықтарының тілдер күні аталып өтеледі. Алғаш рет тілдер күні 1998 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентіміздің нұсқауы бойынша өткізілді.
16 - 20 қыркүйек аралығында, Тілдер апталығы шеңберінде, колледжімізде Қазақстан халықтарының тілдерінің маңыздылығын насихаттау бойынша әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерекенің мақсаты —көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту, өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін ғана емес сондай-ақ кең байтақ елімізде тұрып жатқан өзге де ұлт өкілдерін де құрметтеу.