25.11.22 жылы колледжімізді балалардың сыңғырлаған үні толтырды. Колледждің 55 жылдығы орай "Балдырған" бөбекжайының ең кішкентай бүлдіршіндері үшін "Аспазда қонақта" шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар аспазшы мамандығымен танысты. Ал өндірістік оқыту шебері М.С. Сатаева балаларды пайдалы әрі дәмді мамандықпен таныстырды. Аталмыш шеберлік сыныбының аясында ТҰ тобының 2-ші және 3-ші курс студенттері А. Литвинова мен А. Литвинова балаларға пицца мен лимонадты дайындауда жетекшілік етіп көмектесті. Балалар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізіп, командада жұмыс істеуді үйренді, сонымен қатар өз қолдарымен дайындалған тағамдардың дәмін татты. Жұмыс барысында балалар аспазшы мамандығына қызығушылық танытты. Күш-қуатқа толы бүлдіршіндер барлығына жақсы көңіл-күй сыйлады. Ойын форматындағы мастер-класс аяқталғаннан кейін балалар сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/ClfhewOg2mJ/?utm_source=ig_web_copy_link