Текст
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы "Жоғары агротехникалық колледжі, Чаглинка ауылы" МКҚК ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді: колледж психологы КаратаеваГ.С. студенттермен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз", "Таза сессия" сауалнама жүргізді, колледж басшысы Оспанов А.Д. және колледж заңгері Р.С.Мұстафина студенттерге және колледж қызметкерлеріне арналған бейнероликтер көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру дәрісін өткізді. Аталған іс-шараларға барлығы 420 адам қатысты.