«Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне» арналған агротехникалық пәндер апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Досбатыр Б.Т «Ұн тарту өнімдерін өндіру бойынша технологиялық жабдықтардың жұмысына қызмет көрсету және бақылау» модулі бойынша, «Ұн тарту зауытының өндірістік-технологиялық зертханасына қойылатын талаптарды айқындау» тақырыбында 21-элеватор тобымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында тақырыпқа сай слайдтар, бейнероликтер көрсетілді. Және студенттер сабақ соңында зертханалық жұмыстар бойынша тапсырмалар орындады. Тақырыпты бекіту мақсатында оқытушы топтық. Жұмыс ұйымдастырды: студенттер шағын жоба жасап, оны қорғады. Сабақ барысында оқытушы белсенді оқыту әдістерін қолданды, рефлексиямен аяқталды.