Колледждегі студенттердің қазақстандық патриотизмін, белсенді азаматтығын және патриоттық санасын қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
Бұл еліміздің азаматтары үшін ерекше күн. Бұл мереке біздің мемлекетіміздің еркіндігі мен күшінің нышаны болып есептеледі. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырып жатыр, жоғары агротехникалық колледж студенттері осы тақырыпты жоғары деңгейде аша білді.
«Бабаларым аңсаған тәуелсіздің !!!» мерекелік концерті жоғары деңгейде өтті. Студенттер қонақтар мен оқытушыларға «Елімнің бағын тербеткен Тәуелсіздің !!!» спектаклін ұсынды, сонымен бірге көрермендерді патриоттық әндерімен және авторлық өлеңдерімен қуантты.