Колледж фойесінде сабақтың алдында оқытушы Жаканова О.С. орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша викторина өткізді. Студенттер іс-шараға қызығушылық танытып, тапсырмаларды ықыласпен орындады. Дұрыс жауаптар үшін балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Оқу күнінің басталуы сәтті ұйымдастырылды!
Екінші сабақта оқытушы Қожахметова К.К. " Біздің өміріміздегі заманауи физиканың жетістіктері. Туынды предлогтар" тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқытушы заманауй технологияларды тиімді қолданды. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқытушы белсенді оқыту және критериалды бағалау әдістерін пайдаланды. Сабақ жоғары әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Студенттердің барлығы белсенді жұмыс істеді, өйткені олар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады.