АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Экономикалық пәндер бойынша оқытушы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

13.11.2023

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

Экономикалық пәндер бойынша оқытушы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды

Лауазымы: Экономикалық пәндер бойынша оқытушы

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы, Ынтымақ ш/а, 6. E-mail: vatk1968@mail.ru, тел. / факс : 8(716-32) 24-1-47

Жалақы мөлшері: тарифтеуге сәйкес.

Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және жұмыс өтіліне талаптар қоймай кәсіптік қайта даярлаудың болуы.

Біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда: мамандығы бойынша жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.11.2023 ж. бастап  16.11.2023 ж.дейін

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (Бар болса - нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст