Текст
«Цифрлық білім беру ресурстарын даярлау әдістемесі» атты тақырыпта колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлеріне арналған дәріс ұйымдастырылды. Дәріс барысында шеберлер өздерінің ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдерін толықтырды.
Оқытушылар үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде де аса тиімді екені көрсетілді; АКТ әдістемелердің әр алуандығы оқыту үдерісін қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқу материалын жеңіл меңгеруге ықпал етеді; оқу модульдерінде иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интербелсенді тапсырмалар.