Текст
Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы "Мамандықтар әлемін ашамыз" Республикалық форумының іріктеу кезеңін өткізді. Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжі атынан "Мен мамандықты таңдаймын" номинациясы бойынша келесі студенттер жұмыстарын ұсынды: Әзиев Келдібай (жетекшісі – Манабаева А.К.), Марал Диас (жетекшісі – Туребеков М. О.), Побединский Андрей (жетекшісі – Мамашев Ж. С.). "Менің кәсібім – менің бизнесім" номинациясында: Толпыгин Данил (жетекшісі – Нұрхан А.Т.), Белоусова Анастасия (жетекшісі – Сатаева М. С.), Жанекей Ерұлтан (жетекшісі – Оспанова М. А.) бизнес-жобаларын қорғады. Біздің студенттер мен педагогтарға сәттілік тілейміз!