Текст
2024 жылғы ақпанның 26-сы күні Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Апталығы аясында Валерия Валентиновна Гептинг "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша сыныптан тыс іс-шара - "Трайфл" кондитерлік бұйымын дайындау бойынша мастер-класс өткізді. Аталған іс-шараға 1 және 2 курс студенттері қатысты. 2 курс студенттері десертті дайындап, таныстырды. Трайфлды дайындау кезінде В.В. Гептинг іс-шара қонақтарымен көңілді викторина өткізді, онда жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. 1 курс студенттері кондитер мамандығы туралы көптеген қызықты нәрселерді білді. Мастер-класс жоғары деңгейде өтті.