Дөңгелек үстел барысында колледж студенттеріне жиынның мақсатымен және жаднамасымен толығымен таныстырылып аталған жағдайлар орын алған жағдайда не істеуге болатынын және не істеуге болмайтындығы түсіндірілді.Студенттердің қатысуымен көрініс қойылып, «Жарылғыш құрылғының әрекеті» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жауап алды.
Терроризмге қарсы күрестің бірден — бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтседе жас өспірімдер үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды, жалпы халықты көбірек хабардар етіп отыру қажет. Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни терроризмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден — ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» — деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысуымыз керек. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын!