АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

Рухани жаңғыру – білімнен басталады

23.02.2018

Тәуелсіздік алғалы әр  жылдың басында ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтің кезекті  халқына арналған

жолдауын тағатсыз күтетініміз анық. Биыл да ақпан айындағы  жолдауы өз ерекшілігімен елімізді елең еткізді.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы біздің Аграрлық бизнес колледжінде оқытушылар мен

студенттер, қызметкерлер мен жұмысшылар арасында кеңінен талқыланып, мақаланың мәні мен мағынасына мән берілді. Мақаланың  бірінші тарауында «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» жаңғыртудың бірнеше ерекшіліктерін атады. 2025 жылға деиін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленгенін хабардар болып жатырмыз. Колледж оқытушылары мен студент жастардың көкейінде жүрген қазақ тілін біртіндеп латын

әліпбиіне көшіру толығымызбен құптаймыз. Бұл бүгінгі заман талабы. Әлемнің іргелі оқу орындарындағы үздік оқулықтары, негізінде казақ тілінде 100 оқулық әзірленуі жаңа өзгерістер әкелетініне нық сенеміз.  Өткен аптаның 14 ақпан күні колледж әкімшілігінің ұйғаруымымен тарих пәнәнің оқытушысы Рахимов Орал Қабыкенұлымен

бірге, біздің округке қарасты Ақадыр ауылына барып, мектеп ұжымы және жоғарғы класс оқушыларымен кездесіп, елбасы жолдауынан пікір алмасып  қайттық.  Мектеп ұжымы жаңалықтан жақсы хабардар екен. Ойларын ортаға тастап, елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын кезең келгенін ұқтырды. Осы кездесуді ұйымдастырған мектеп басшыларына  ризашылығымызды білдіргіміз  келеді.

         

Қазақ тілі  өткен ғасырымызда талай тәлкіге түскені анық. Ең бірінші саясаттың бұрмалауынан тіл шұбарланып, жойылу алдында тұрғаны сол кездегі ұрпаққа айдан анық болғаны баршамызға аян. Елдегі   қазақ тілді  жоғарғы кластар жабылып, көрші селоларына еріксіз ата- аналар өзге тілінде балаларын оқытуға  мәжбүр 

болды.   Соның бірі өз басымнан да  өтті. «Осы тілді меңгермесең, наныңды таба алмайсын» - делінді. Балабақша жаппай өзге тілде ашылды. Барлық жиналыс, іс - шара, ресми тілде өткізілді. Соның жаңғырығы Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл өтседе, ескі аурудай әліде қылаң беріп, қалатын емес. Орталықтарда жиналыс бола қалса, мерекелік шаралар өткізілсе , көгілдір экраннан кейбір басшылар, баяндамаларын өз ана тілінде  сөзін шұбарланып,  лезде ресми тілге ауыса қалуы., бұрынғы жалтақтаудан қалдығы ма дерсің. Ата бабамыздан қалған аманаттың  бірі «Боламын десең бесігіңді түзе» демедіме. Білімдері жоғар бола тұра, тілге немқұрайлы қарау , намыстарының жоқтығы ма дерсің. тілдің тазалығы , өміріміздің айнасы екендігін ұмытпайық.

       

Тәуелсіздік алған жылы орталығымыз Көкшетауда, Ш.Уалиханов атындағы институтта қазақ бөлімі ашылғанда бөркімізді аспанға атып, алдыңғылардың бірі болып оқуға түстік. Бүгінде мыңда да бір шүкір, жоғарғы оқу орындары мен колледждерімізде жаппай ана тілімізде дәріс алуда.  Еліміздің әр тарапынан келіп білім алып

жатқан студенттерді көргенде шаттануға, мақтануға тұрарлық. Бұл біріншіден елбасымыздың

көрегенділігі, болашақ Қазақстан жастарының заманға сай жаңаруы деп білеміз. Әрине бүгінгі әлем талабына сай бірнеше тілді меңгеру жаһандану талабы. Рухани жаңғыру білімнен басталады,  30 елдің қатарынан қалыспай жаңа қадамдар жасалатынына жаңаша ойлау, озық оқу үлгілерін енгіу басты мақсат делінді. Елбасымыздың осы тапсырмасын орындау ұлтымызға, тіліміз бен дінімізге деген шынайы сеніміміз. Біз жоғарғы буын өкілдері   жастарға айтарымыз, еліміздің келешегі сендерсіңдер, бақытты кезеңде өмір сүріп жатырсыңдар, әр дайым  Отанымыз көркейе берсін демекпін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст