Қараша айының 13-17 жұлдызы аралығында оқу-әдістемелік бөлімнің бекіткен кестесіне сәйкес «Жерге орналастыру және Экономикалық пәндер» апталығы болып өтті. Апталық барысында «Сызу» пәнінің оқытушылары: Д.М.Өтешова мен А.А. Жаңабаев 21-кәсіптік оқыту тобында, оқытушы, Ұ.Б.Құртбаева 23-ЖО тобында «Геодезия» пәнінен ашық сабақтар өткізді.
Экономикалық пәндер оқытушылары : Ж.С. Махамбетова және М.Ә. Оспанова »21-қаржы, 11-ШФҚ тобы оқушыларының қатысуымен 15-қараша Ұлттық Валюта күніне арнап, «Сыныптан тыс шара» өткізді. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ете түскен төл теңгеміздің тарихына арналған осы шараға оқушылар белсене қатынасып,
Ұлттық Валютамыздың «Теңге» аталу себебі, алғашқы номиналдардың Ұлыбританияда басылып шығарылып, елге қалай жедел жеткізілгендігі және өз ақшамыздың ел экономикасын тұрақтандырып, дамытудағы маңызы мен валюта бағамының нығайып, бекуі жайлы толыққанды, қызғылықты, құнды мәліметтерге кеңінен қаныға алды.
Шара барысында Теңгенің алғашқы шығарылымы мен дизайндық дамуы жайлы қызғылықты деректер мультимедиялық құралдар көмегімен әдемі де әсерлі жеткізілді. Патриоттық тақырыптағы әндер орындалып, түрлі, қаржылық-танымдық ойындар ойналды.
Шараға колледж директорының ғылыми-әдістемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: В.М. Ткачева мен Г. Х. Сәлімгреева қатынасып, бірнеше қаржылық сала қызметкерлеріне мадақтама, алғыс хаттар тапсырылды.
Сондай-ақ апталықтың ашылуы күні тәжірибелі, ардагер, ұстаз Т.С. Досбатыр 21-қаржы тобында
«Ақша, қаржы, несие» пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа ғылыми-әдістемелік және оқу істерінің орынбасарлары: В.М. Ткачева, Г.Х. Сәлімгреева, бөлім меңгерушісі С.Ж. Дәулетбекова, ӘБ төрайымы Ж.С. Махамбетова, арнайы пән оқытушылары: К.С. Жақанова, Ұ.Б. Құртбаева т.б. әріптестеріміз қатынасып,
ашық сабаққа оқушылардың үлкен қызығушылық, белсенділікпен қатынасқандығын, оқытушы сабақ барысында мультимедиялық құралдарды тиімді пайдаланып пәнаралық байланысқа, тақырыптың өмірмен
байланыстылығына көңіл бөле отырып, ұлттық этнопедагогика элементтерін шебер қолданғандығын, сабақтың өз мақсатына жеткендігін айта келіп, бірауыздан жақсы баға берді.