Мақсаты: Қыздарға жат қылықтарды ажырата білуі, олардыңденсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсініктерін дамыту.
Қыз балалардың жат қылықтардың зияны туралы өзіндік мәні бар түсініктерді қалыптастыру. Темекі, ішімдік, денені жалаңаштау, тағы да басқа жат қылықтардың денсаулыққа зияны және қыздар тағдырына әсері туралы ақпараттармен бөлісу, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алдыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға және өзгелерден де оны талап ету.
Отанымыздың да,отбасымыздын да алтын босағасы-әйел адам,әйел-ана,ол да қыз болған. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі,кішіге үлгі болатындай, әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады.
Тәрбиелі қыз бала қандай болу керек?
1. «Қыздарға жат қылықтар» дегенді қалай түсінесің?
2. Жағымсыз әдеттерге нені жатқызар едіңіз, неліктен?
3. Темекі тарту, арақ ішу қыздарға неге керек?
4. Денені жалаңаштау туралы не ойлайсыздар?
5. Қыздар арасындағы кофликті? – т.б. сурақтарға әңгімелесу, сұхбаттасу, өз ойларын ашып жеткізіп айта білді
Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар –болашақ ана,бақыт-байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.Рухани байлығы –білім мен тәрбие. Киім киісі,жүріп-тұрғаны көңілге қонымды,күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстазы да,ата-ана да мақтаныш тұтады. Бүгінгі тарбие сагатынан алган мәліметтерді бойларына ойларына тоқып аласындар деген уміттемін. Келешекте өз урпақтарына жеткізе білесіндер деп сенемін.
«Киіміне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» деген.Әрбір қыз бала өзінін кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын,кішіні сипайтын-жақсы қыз,өнегелі,тәрбиелі қыз. Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, бойына сіңіре білген,қалыптастыра білген адам-тәрбиелі адам.
1.Адамның басшысы-ақылы.
2.Жетекшісі-талап.
3.Жолаушысы-ой.
4.Жолдасы-кәсіп.
5.Қорғаны-сабыр.
6.Қорғаушысы-мінез.
7.Сынаушысы-халық
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшыраумауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай оң түрлі талап қойған:
1. Әдепті болу.
2.Ар-ожданы пәк болу.
3.Кеңпейіл, кешірімді болу.
4.Мейір-шапағатты болу
5.Ақыл-парасатты болу
6.Сабырлы-салмақты болу
7.Адал,ақ жарқын болу
8.Моральді-мұратты болу
9. Өжет,батыл болу
10.Ұят намысты болу.