АҚМОЛА  ОБЛЫСЫ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ВЫСШИЙ АГРОТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, СЕЛО ЧАГЛИНКА»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ  ОБЛАСТИ  

«Worldskills Kazakhstan - 2018»

27.02.2018

Ақпан айының 26-шы жұлдызында колледжімізде «Электромантаж жұмыстары» саласы бойынша «Worldskills Kazakhstan - 2018» аймақтық чемпионаты өз сайысын бастады.

Чемпионатқа қатысуға келген қонақтарымызды атап өтетін болсақ: Щучинск қаласынан «Жоғарғы

колледж» студенті Птицин Сергей, жетекшісі Искаков Сұңғатпен, Көкшетау қаласының 2 білім мекемесінен қатысушылар келді «СерТК №1» студенті Әубәкір Ұлыбек жетекшісі Әлжанов Мадихатпен, СТК №1 студенті Асылханов Данияр  жетекшісі Озимок Николай, Степногорск қаласының Горно-техникалық колледжінің оқытушысы Рекин Петр өзінің студентін Ковалевский Денисті ерте келді, сонымен қатар Степногор қаласының ИТК №2 білім

мекемесінен студент Кудрич Максим жетекшісі Голубев Инессамен чемпионатымыздың қатысушысы атанып, жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті.

Сайыскерлерімізді сынаққа алатын комиссия эксперттеріміз «Эль-Нур-Сервиc» ЖШС-нің маманы Машкенов Женіс, «Кокшетау -Энерго» ЖШС-нің оқу орталығының меңгерушісі Шестаков Сергей, Зеренді ПЭУ басшысы Джуасов Даулет, техникалық эксперт ретінде Искаков Сунгат аталды.

«Агробизнес» колледжі мерекелі формада өткен Чемпианаттың басталу салтанатында келген

қатысушыларымызды құшақ жая қарсы алып, сайысымыздың өту бағдарламасымен таныстырды.

І модулде «Қоғамдық және тұрғын ғимараттардың электр жабдықтарын жөндеу». Бұл модуль 26 күні өткен болатын, ал 27 ақпан күніне 2 модуль қарастырылған «Өндірістік құрылғы электр жабдықтарын басқару сызбасын жөндеу» және «Бағдармалау». Құрметті комиссия мүшелері қорытындыны сағ:15:45 баршаның назарына ұсынады.

«Worldskills Kazakhstan - 2018» аймақтық чемпионаттын колледжіміздің қабырғасында өткізу біз

үшін үлкен мәртебе, өйткені осы қадаммен біз жұмысшы мамандығының мәртебесінің көтерілуіне үлес қосып, оны насихаттай түсеміз.

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз!

   

Ұйымдар тізімі
Текст